ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

13:36, 25 ақпан 2021

Өскеменде қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына рейд жүргізді.  Рейд барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексерілді. Еске сала кетейік, 21 ақпан күні Петропавлдағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмханада газ балоны жарылып, екі адам мерт болған еді. Жойқын жарылыс бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген рейд нәтижесі келесі сюжетте. Өскемен қаласының орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлердің әрбіреуінде дерлік, дәмхана, мейрамханалар мен барлар орналасқан. Өртке қарсы қызмет саласының мамандарының айтуынша, егер қоғамдық тамақтану орындарының қожайындары өрт қауіпсіздік ережелерін бұзып, газ баллондарын қолданатын болса, тұрғындарға қауіп төндіреді.  Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың салдары қайғылы жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Мұны әрдайым есте ұстаған абзал. Рейд барысында өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған дерек тіркелмеді. Қоғамдық тамақтану орындары қожайындарының басым көпшілігі газ жабдықтарын қолданудан бас тартып, электрлі плиталарды қолдануға көшкен. Алайда құтқарушылар «сақтықта қорлық жоқ екендігін» ескеріп, ғимараттан газдың иісін сезетін болса, бірден шұғыл түрде көмек көрсететін қызметтің байланыс нөмірлеріне хабарласуға кеңес береді.

                                                                                                           

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар