ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қоғамдық монша ашылды

13:30, 20 мамыр 2022

Катонқарағай ауданында кәсіпкерлік нысандарының қатары артып келеді.  Оған дәлел Үлкен Нарын ауылында ашылған заманауи үлгідегі қоғамдық монша. Талай жылдан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп келген мәселе игі шешімін тауып, жергілікті ағайынның қолданысына беріліп отыр.

Аудан тумалары Нұржан Қасенов пен Қанат Абраимов жеке қаражаттарына қоғамдық моншаны салған. Кәсіпкерлер жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орнымен де қамтыды. Заманауи үлгіде салынған ғимаратта тұрғындардың сұранысын толық қамтамасыз ететін дүниенің барлығы бар. Қоғамдық моншаның ашылуы мұндағы зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға үлкен көмек болды дейді, ауыл тұрғындары.

Алдағы жоспарға сәйкес моншада массаж кабинеті мен шаштараз қызметін ашу да жоспарланған. Нысанның айналасын абаттандыру жұмысы алда тұрған басты міндеттердің бірі. Болашақта ғимарат маңы асфальтталып, демалыс орындарын ашу жағы да жергілікті әкімдікпен ойластырылып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...