ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда

13:33, 11 қаңтар 2022

Тәртіпсіздіктің алдын алуда бейнебақылау камералары таптырмас құрылғы. Ел тыныштығын сақтаудағы тигізер көмегі ерек. Осы мақсатта Аягөз қаласының көшелеріне бейнебақылау камералары қойылуда. Игілікті істі жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 121 млн. 692 мың теңге бөлініп отыр. Тілші тарқатады...
Аягөз тоғыз жолдың торабындағы мекен. Тоным тоналды деген жан кездеспесе де, мұндағы қауіпсіздікті қадағалау бірінші орында. Бүгінгі таңда қала аумағында 166 бейнебақылау камерасы бар. Оның 3-уі қалаға Алматы, Өскемен, Қарағанды тасжолынан кіретін  кіреберісте орынатылған.

Қала аумағында бейнеқұрылғыны орнатуға жауапты мекеме келер айдың аяғына дейін шаһарды барлығы 187 камерамен қамтамасыз етпек. Олар қазіргі уақытқа дейін көше қиылыстары мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына  қайтымсыз 121 бейнебақылау жүйесін орнатты.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар