ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Кітаптар тұсаукесері

17:30, 29 қараша 2021

Облыс орталығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалпы редакциясымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптарының тұсаукесері өтті. Кітаптарда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекетіміздің шекарасын қорғауға лайықты үлес қосқан жандар туралы айтылған.Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жарыққа шыққан басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға жататын оқиғалар ғана енгізілді. Кітапта  оқиғалар мен фактілер, нақты деректер және оған тікелей қатысқан азаматтардың  эмоциясы қатаң деректі стильде мазмұндалған. Борышын мінсіз орындап жүрген жандар туралы кітаптың тұсаукесері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша Департаментінде өтті.Азаматтардың бейбіт өмірі үшін күресіп жүрген ҰҚК қызметкерлері туралы халық аз біледі. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында  комитеттің облыс бойынша Департаменті қаладағы кітапханаларға «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптарын тарту етті.Салтанатты шара барысында Отан алдындағы борышын мінсіз атқарып жүрген қызметкерлер ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғысхатымен, арнайы төсбелгімен марапатталды. Ал, қызмет барысында қаза болған әскерилердің жақындарына естелік сыйлықтар табысталды.Негізін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаған, нығайту бағытын Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келе жатқан мемлекет егемендігінің баянды болуына олардың қосқан үлесі ұшан теңіз. Бейбіт өмір үшін ҰҚК мамандары мен шекарашылар аянбай еңбек етіп келеді. Олар күні-түні, ыстық-суыққа қарамай қызмет атқарады. Олар бейбіт күннің батырлары.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар