ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Кітапханадағы шежірелі басылым

13:33, 4 мамыр 2022

Өскемендегі кітапханалардың бірінде соғыс жылдарын да жазылған басылымдар сол күйінде сақтаулы тұр. Заманында облыста жарық көрген газеттерде майдан даласында ерлікпен шайқасқан жауынгерлер турлалы мәліметтер бар. Сондай-ақ, соғыс өтіндегі хабарлар да сақталыпты. Баспадан тылда жұмыс жасаған шығысқазақстандықтар туралы ақпаратты да оқуға болады.

Бұл баспа арқылы тарихқа ой  жүгіртуге болады. Көзбен көріп, ақылмен таразылайтын тұстары да бар. Газетте 1941-1945 жылдардағы қайғылы оқиғалар да жазылыпты. Соғыс өтінде жүрген тілшілердің жазған ақпараттарына қарағанда  майдандағы әдіс-тәсілдердің тыңғылық жүргізілгені көрінеді. Мұннан тылдағы ауыр өмірді де білуге ​​болады. Сол жылдары  әйелдер мен жасөспірімдерге үлкен жүк артылыпты өйткені олардың көпшілігі майданға кеткен ерлердің орнын толтыруға мәжбүр болған. Әр түрлі салаларда жұмысшылар жеткіліксізді айтылған.

Бұл мақала Лениногорсктегі шайқас жайлы. Онда неміс басқыншыларымен шайқасқан жас жігіттің ерлігі суреттеледі. Қазақ жерінен шыққан Төлеген Тохтаровтың ұмытылмас ерлігі туралы баяндалады.

Соғыс кезінде газеттер шығару тоқталмады. Ерекше қарқынмен жалғасып жатты. Бұл үлкен шежіре, дейді кітапхана қызметкерлері.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар