ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚОРҚЫТЫП ЖҮРГЕНДЕР КІМ? Толығырақ

Кіп-кішкене аяқкиімдер көрмесі

12:19, 29 қаңтар 2020

Өскемендік тұрғын Лидия Рудакованың жеке коллекциясынан «Хрустальды туфли және өзге де кебістер» атты кіп-кішкене аяқ киімдер көрмесі ашылды. Көрмеге дүние жүзінің әр елінен жеткен 300-ден астам жәдігер қойылды. Мәселен, кәріптастан жасалған кебісті Лидия Рудаковаға сонау 1976 жылы сыйға тартыпты. Міне, содан бастап кіп-кішкене, кәдесыйлық аяқ киім коллекциясын жинаумен келеді. Бұл тек хоббиі емес, сонымен қатар әр елдің мәдениетін, тарихын білуге ұмтылдырады. Лидия Рудакованың коллекциясын толықтыруға оның туған-туыстары ғана емес, сонымен қатар есімдері әйгілі музыка жұлдыздары да көмектескен. Кәдесыйлық аяқ киім үлгілері әртүрлі. Туфли, сабан шәркей, резеңке шәркей, моншақпен көмкерілген пима, бойтұмар, ашқыш тіпті егеу де бар. Пластикадан, темірден, теріден, хрусталь, фарфор мен ағаштан, жүннен жасаған. Жәдігер атаулы - небір шеберлер еңбегі. Мамандар мұндай кіп-кішкене аяқ киімдердің кең ауқымды көрмесі Өскеменде бұрын-соңды өтпеген дейді. Көрме келушілердің көңілінен шықты.  «Хрустальды туфли және өзге де кебістер» экспозициясы ақпан айының соңына дейін жұмыс істейді.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ОРНАТУДЫ СҰРАЙДЫ
13:32, 26 ақпан 2021
ТҰРҒЫНДАР ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ОРНАТУДЫ СҰРАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЙ ЖҮНІН ӨҢДЕУШІЛЕР БАЖ САЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУДІ СҰРАДЫ
13:32, 23 ақпан 2021
ҚОЙ ЖҮНІН ӨҢДЕУШІЛЕР БАЖ САЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУДІ СҰРАДЫ
Толығырақ...