ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы

13:40, 14 шілде 2021

Бүгін облыстық сот өкілдері мен аймақтық кәсіподақ бірлестігі мамандарының кездесуі өтті. Іс-шарада еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыс стратегиясы талқыланды. Жыл сайын жұмыс беруші мен жұмысшы арасында туындайтын проблемалар көбеймесе азайған емес. Өз құқығын қорғау мақсатында аймақтың кәсіподақ ұйымдарына түрлі жағдаятпен жүгінетін жандар жетерлік. Сол себепті сала өкілдерінің сот жүйесі мамандарымен қоян-қолтық жұмысы қашан да маңызды. Өзара әріптестік проблемаларды  қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау тек сотта ғана емес, келіссөздер алаңында да жүргізіледі. Бұл жұмысты медиаторлар атқарады. Кәсіподақтар ұйымдары бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Еңбекақыны әділ әрі уақытлы төлеуді қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары, гендерлік теңдік және кемсітушілікке жол бермеу, бейресми жұмыспен қамту үлесін азайту, еңбек саласындағы  бостандықтар мен құқықтарды тиімді қолдану сияқты басым бағыттар қамтылған. Мұның бәрі жұмыс жағдайын ескере отырып, қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуі керек.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...