ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Кәсіпкерлікті дамыту

13:30, 5 тамыз 2022

Өз бизнес-жоспарын іске асырамын деген белсенді шығысқазақстандықтарға биыл 608 грант беру жоспарланған. Мұндай қолдау шаралары 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында іске асырылмақ. Жоба тек азаматтарды кәсіпкерлікке тарту емес, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға бағытталған.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанның 7 757 тұрғыны ұлттық жобаны қолға алған. 6.5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау жалғасуда. Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 757 адамды қамту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант биыл 2 есеге, 400 АЕК-ке дейін, яғни 1 млн 225 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл өз кезегінде кәсібін бастаймын деушілерге қолдаудың артқанын көрсетеді.

Азаматтардың әлеуметтік жағынан осал санаттарына атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы, асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алушылар, мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандар, қоныс аударушылар және қандастар жатады. Грант алуға өтініш бергенге дейін үміткерлер жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі не бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі тиіс екенін атап өту маңызды.

Осы жылдан бастап "Жастар практикасы" жобаларының ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін, сондай-ақ "Алғашқы жұмыс орны" жобасы 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Бұл жобаларға қатысушыларға төленетін жалақы да өсті. Сонымен қатар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталған "Күміс жас" бағдарламасы іске қосылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар