ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Кәсіпкерлік саласын дамыту

13:33, 21 маусым 2022

Аймақта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Шағын және орта бизнес өкілдеірне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың да көлемі жыл сайын артып келеді.Мәселен, Риддер қаласында өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлердің қатары өскен. Демек, жеке кәсіппен айналысқысы келетін, әрі оны ашуға оңтайланып жүр­ген азаматтарға жағдай жасалуда. Бұрынғыдай жөн-жосықсыз тексерулерге тыйым салынды. Әкімшілік кедергілер азайды. Салық ауыртпалығы қысқарды. Кәсіпкерлерге берілетін жеңілдетілген несие де көбейді. Бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға қолбайлау болып отырған кедергілерде біртіндеп жойыла бастады. Ендігі мақсат – орта және шағын бизнестің үлесін арттырып, ел дамуын орнықтыра түсу.

Риддерде өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырғандардың бірі – Владимир Ситников. Ол ет өнімдерін өндірумен айналысады. Екі жыл бұрын өз кәсібін енді ашқан тұста мемлекеттің қолдауы үлкен көмек болды деп отыр.

Кәсібін дөңгелетіп отырғандардың қатарында Балауса Бақытжанқызы да бар.Ол 2014 жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несие алған. Артынша жаңадан салынған ауданда дүкен ашып, күнделікті тұтынатын тауар түрлерін тұтынушыларға ұсынған.

Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырғандардың бірі-Иван Терей. Ол жаңа істі өрге домалату барысында біраз қиындықтарға тап болса да еш мойымай, алға қойған мақсатына қарай батыл қадам жасап, соңына дейін күресуге бел буды. Иван Терей құрылыс материалдарының дүкенін ашқан.

Риддердегі жергілікті билік өкілдері қалада мемлекеттік бағдарлама арқылы ісін оңды жолға қойған кәсіпкерлер саны артып келе жатқанын айтады.

Билік  пен бизнес бір-біріне сенімді серіктес болуы керек.  Ел Президенті ұлттық экономиканың жаңа моделін қалыптастыру ісін жедел түрде қолға алуды тапсырған болатын. Бұл тұста кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін  көмектің нақты қадамдарды да белгіленгенді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар