ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Кәсіпкерлерге талапты қатаңдатпау керек

13:30, 7 қазан 2021

Бизнес үшін мемлекет тарапынан ынталандырудың 20-ға жуық түрі қол жетімді болмақ. Мәжілісте өнеркәсіптік саясатқа қатысты құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасындағы жаңалықтардың бірі – мемлекеттен көмек алатын кәсіпорындар үшін қарсы міндеттемелерді белгілеу. Яғни, кәсіпорын жүктелген міндеттемелерді орындамаған жағдайда ережеге сәйкес бюджет қаражатын қайтаруы тиіс. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде бизнеске мүмкін емес міндеттемелерді жүктемеуге және  кәсіпкерлерге талапты қатаңдатпауға шақырды.  Мәжіліс төрағасы осыған сәйкес, жұмыс тобына жауапты министрлікпен бірге екінші оқылымға дейін тиісті міндеттемелер жөніндегі норманы нақты, анық және түсінікті етіп толықтыру қажеттігін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар