
Кәсіпкерлер референдум арқылы қабылданатын өзгерістерге өз үлестерін қосуға әзір. Атамекен Ұлттық палатасы өңірлердегі бөлімшелермен онлайн байланысқа шығып, Конституцияға енетін түзетулер төңірегінде ой бөлісті.
Ең маңыздысы, Ата заңдағы өзгерістер қосымша 20 заңның өзгеруіне ықпал етеді. Оның ішінде салық мәселесі де бар. Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар тарапынан мемлекеттік тіл, Конституциялық сот, сондай-ақ жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жариялануы мәселесіне қатысты да ой-пікір айтылды.