ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Кәсібіңді аш, жоба ұсын

15:31, 30 наурыз 2022

Биыл Өскемен қаласы бойынша 74 адамға қайтарымсыз грант берілетін болады. Кәсібін бастауды жоспарлап отырған,  ұлттық жобаға қатысушыларға 1 225 000 тг қаражат ұсынылады. Аталған қаржыны 29 жасқа дейінгі әрбір жастың алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін тек жеке куәлігіңіз бен дайындаған жобаңыздың құрылымы ғана қажет.

Жанбота Жұмахан өткен жылғы қайтарымсыз гранттың иегері. Жобасын әзірлеп оны жұмыспен қамту орталығына өткізіпті. Игілікті бастамасы мақұлданған соң, үкіметтен 583 400 тг мөлшерінде қаражат алған. Қазіргі уақытта кәсібін өрге дөңгелетіп отырғандардың бірі. Қоластында бірнеше қызметкері де бар.

Өткен жылы Өскемен қаласы бойынша 110 адамға қайтарымсыз грант берілген. Оның жиырмасы көпбалалы аналар.

Аталған бағдарламаға қатысушылардың дені мемлекеттік грантты сұлулық салондарын ашуға, шағын өндірістік цехтар құруға, мал шаруашылығымен айналысуға алыпты. Сала мамандары мемлекет тарапынан халыққа қолдау таныту жылдан жылға жаңаша қарқын алып келеді дейді.

Грант алу үшін үміткер ең алдымен business.enbek порталында тіркелуі қажет. Сонымен қатар, порталда жеке кабинет құру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып өтініш береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...