ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Кенеден қалай қорғану керек?

17:17, 10 маусым 2021

Жыл басталғалы бері 2 мыңнан астам адам кенелерден зардап шеккен. Өңірде адам өміріне қауіпті Лайм ауруының және кене энцефалитіне шалдығу деректері тіркелді. Кенелердің шабуылына қалай төтеп беруге болады? Адамдардың кенені көрген кездегі өздерін ұстауы әрқалай. Біреулер бірден дәрігерге жүгінсе, енді біреулер ешқайда бармай-ақ, өз қолымен алып тастағанды жөн көреді. Энцефалит инфекциясын тасымалдайтын кене шаққаннан кейін адамның басы ауырып, дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнуы мүмкін. Сонымен қатар, бұлшық еттері мен буыны ауырады. Дер кезінде ем бастамаған жағдайда жүйке жүйесі де зардап шегуі мүмкін. Осы маусымдағы кене энцефалитінің алғашқы жағдайы Күршім  ауданында тіркелді. Жақында Риддер тұрғынында да инфекция анықталды. Риддер тұрғыны бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір науқастың жағдайы қалыпты. Былтыр дәл осы уақытта кене шаққан Риддер тұрғыны қайтыс болды. Айта кетер жәйт, Риддер қаласы кене энцефалитін жұқтыру қаупі өте жоғары аймаққа жатады. Жақында Өскемен тұрғынына да Лайм ауруы диагнозы қойылды. Кейін белгілі болғандай Бобровка ауылында жүрген кезде кене шаққан. Жыл басынан бері 2265 адам кенеден зардап шеккен. Дәрігерлердің айтуынша, кенеден сақтанудың жалғыз жолы иммуноглобулинді вакцина алу. Биыл 2033 адам екпе алған. Барлығы білетіндей, кенелер гүл және өсімдіктер көп өсетін жерлерді мекен етеді. Сондықтан дәрігерлер табиғат аясына шығар кезде жабық киім киюге, бас киім алуға және адамдар үсті-басын жиі тексеруге кеңес береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...