ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей

13:44, 10 маусым 2021

Құқық қорғау саласында қызмет атқару үшін білім ғана емес, білек те керек. Ең бастысы, тайсалмайтын жүрек керек. Ресми деректерге сүйенсек, соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қылмысқа барып, тәртіп бұзуы жиілей түскен. Әлі оң-солын айырмаған мұндай жасөспірімдермен жұмыс істеу де оңай емес. Тілшіміз кәмелеттік жасқа толмағандармен тікелей жұмыс істейтін инспекторлардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.  Ішкі істер органдарында елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында  аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың тәртібіне жауап беретін полиция капитаны Жұлдыз Шәкерова. Ол отбасының да ұйытқысы болып, өз жұмысында да шашау шығармай келеді. Төзімділік пен сабырлылық, шұғыл шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қойылатын басты талаптардың бірі. Осы салада 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан Жұлдыз Шәкерова жұмыстан шаршап келгенде көңіл күйімді көтеріп дем беретін  балаларым дейді. Әріптестерінің арасында да отбасылы жандардың көп екендігін де жеткізді. Орайы келгенде айта кетейік, биыл ювеналдық полиция қызметінің құрылғанына 10 жыл толып отыр. Сала мамандарының айтуынша, балалардың қылмысқа баруына әкеп соқтыратын көп себептің бірі  ата-аналардың  салғырттығы. Осы уақытқа дейін тек қана Өскемен қаласы бойынша 607 кәмелетке толмаған балалар мен 702 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қараусыз және қорғансыз қалған 56 жасөспірім орналастырылса, ішкі істер органдарының өтініші бойынша 27 адам ата-ана құқығынан айырылған.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар