ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қазіргі ахуал

13:30, 13 қаңтар 2022

Елімізде «омикрон» штаммы таралуына байланысты қазір кейбір өңірлерде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Онда тағы  4 облыс«қызыл» аймаққа кірді.

Өңір  індеттің таралуы  бойынша «жасыл» аймақта. Бірақ, босаңсуға болмайды. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары: -«Елдегі жағдай күрделене түсті. Бүгінгі таңда жалғыз қорғаныс вакцинация және ревакцинация болып қала береді. Неғұрлым екпе алушылар қатары артса, соғұрлым індетті тезірек жеңу мүмкіндігі жоғары болады»,-дейді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста 73 877 адам ревакцинациядан өтті.

Қазақстанда 11 қаңтардағы мәлімет бойынша 23 725 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандардың ішінде:

Стационарда - 3139 пациент

Амбулаториялық деңгейде - 20586 науқас ем қабылдауда

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында:

188 адамның жағдайы ауыр

67 пациенттің жағдайы өте ауыр

47 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, коронавирустың «омикрон» штамы аурудың ерте сатысында «Дельта» шатамына қарағанда 3 есе жылдам тарайды. Вирустардың бірігіп еселену уақыты 2-3 күн. Оның ең бірінші белгілері - тамақ ауруы,дене қызуының көтерілуі. Тағы бір ерекшелігі – адам тез арада шаршап, жатып қалады. Егер таңертең оянғанда өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйден шығудың қажеті жоқ. Ал, науқаспен байланыста болған жағдайда, дәрігерге барғаныңыз абзал.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар