ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

17:15, 5 наурыз 2021

«Қазақстан - әлемдегі жұмақ, ел халқының мейірімі - сарқылмас бұлақ». Германияда тұратын байырғы қазақстандық немістер осылай дейді. Алыс жолдан азып-тозып жеткен жұртты қазақ халқы бауырына басып, қолдан келген көмегін көрсетті. «Қазақтың сол жақсылығын ешқашан ұмытпаймыз» дейді неміс ұлтының өкілдері. Жергілікті жұрт «қазақтар»деп атап кеткен байырғы қазақстандық немістер жылда осы күні мерекені дүркіретіп тойлап, қазақтан көрген жақсылығын еске алатын. Пандемияның кесірінен биыл бәрі үйлерінде атап өтіп жатыр. Бірі есігінің алдына Қазақстанның туын тіксе, өзгелер жүрекжарды лебіздерін ғаламтор арқылы жаудыруда.   «Қазақ, Қазақстан десе ішкен асын жерге қоятындардың бірі-Паул Фредрих. Павлодардың Ақсуында туып өскен ол 30 жыл бұрын отбасымен тарихи Отанына оралыпты. Кәсіби музыкант қазақ әндерін шырқап, той басқарады. Паулдың арқасында қазір Дос Мұқасанның «Той жыры», «Шудың бойында», «Мен қазақпын» әндері тұрғылықты немістердің арасында да хитке айналған. Қазақ халқының рухани қаһармандығына құрмет ретінде жерлестеріміз өзара қазақша сөйлесіп, қазақтың салт-дәстүрін сақтап келеді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар