ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қазақстан полициясына 30 жыл

13:31, 24 маусым 2022

1992 жылы 23 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы заң» күшіне енген еді. Ал 2007 жылы 5 маусымда бұл күн полиция күні деп бекітілді. Облыс орталығында айтулы мерекеге орай концерттік шаралар легі жалғасты. Қоғам тыныштығы үшін барын салған тәртіп сақшылары арнайы төсбелгілермен марапатталды.

Полиция сапында еңбек ету - маңызды әрі жауапкершілігі мол қызмет. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін шара елі мен жері үшін аянбай қызмет етіп, антына адал болғандардың құрметіне көрсетілген 1 минуттық үнсіздіктен басталды. Полицияда еңбек етіп жүрген 130 қызметкер марапатталып, оның ішінде 34 тәртіп сақшысы мен 10 ардагерге «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісі табысталды.

Тәртіп сақшыларынан бөлек, облыс атынан түрлі жарыстарда бақ сынап, жүлделі орын алған топ басшылары мен құрам мүшелеріне де мадақтамалар табысталды.

Тәртіп сақшылары қатарындағыларға түрлі мадақтамалар, сала ардагерлеріне алғыс хаттар табысталып, алғыстар жарияланды. Сондай-ақ,  22 қызметкерден тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынса, 8 қызметкердің лауазымы бір саты жоғарылаған. Мерекеге орай ұйымдастырылған шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар