ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат

13:34, 27 шілде 2021

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 26 адам суға батып мерт болды. Құрбан болғандардың 7-і бүлдіршін. Шомылу кезінде орын алатын жазатайым оқиғалардың алдың алу үшін арнай іс-шаралар қолға алынып, түсіндіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Жағажай иелерімен бірлесе отырып қауіпсіздік шараларының алдын алу үшін арнайы келісімдерге де қол қойылған. Дегенмен, статистика көңіл көншітпейді. Алакөл жағалауы елдің туристері үшін ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келетін меймандар үшін де ең танымал демалыс орындарының біріне айналған. Жыл сайын мұнда 12 мыңға жуық адам демалады. ШҚО аумағындағы көлдің жағалау сызығы 4 км созылады, сондықтан шомылу маусымына қатысты қауіпсіздік ережелері күн тәртібіндегі аса маңызды мәселе. Маусым бойы мұнда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бекеті жұмыс істейді. Мамандардың пікірінше, демалушылар үшін жағалау жиегінде орналасқан демалыс базаларының иелері де жауапты болуы тиіс. Ал демалыс орындары өкілдерінің аталмыш меморандумға қатысты айтар уәжі бар. Аталған құжатта базалар маңындағы шомылу аймақтарында құтқарушылардың болуы мінедеттелген. Қазіргі таңға дейін демалыс базаларының иелерімен 17 келісім жасалған. Демек, демалыс нысандары қауіпсіздікді одан сайын арттыруға мүдделі. Құтқарушылардың сөзінше, оқыс оқиға су айдынында орын алатын болса, бұған жауапты жағажайдың жұмысына мүлдем тыйым салынуы мүмкін.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...