ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қауіпсіздік ережесін ерекше ескертті

13:30, 8 қазан 2021

Өскемен қаласының құтқарушылары жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне тұрғындардың назарын аудару үшін ерекше акция өткізді. Құтқарушылар «зомби» болып киініп, үй-үйді аралап шықты. Олардың айтуынша, зомби - өмір мен өлімнің арасындағы адамды бейнелейді. Шараның негізгі ойы да осы – адамдардың сақ болып, өз өмірлеріне зиян тигізбеу. Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылу беру маусымында облыста 90 адам, ал биыл күн салқындағалы бері улы газбен уланып 3 адам зардап шеккен. Сол себепті, құтқарушылар «зомби» образына еніп, пешті жөндеу және өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу қаншалықты қауіпті екенін тұрғындарға түсіндіріп шықты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері газ анализаторларын қолдану арқылы үйдегі көміртегі тотығының концентрациясын қалай тез тексеруге болатынын көрсетті. Мамандардың айтуынша, халыққа көмірқышқыл газымен улану жайын ескерткенде көпшілігі тыңдайды. Бірақ, сақтық шараларын есте сақтай бермейді. Ал «зомби челлендж» сияқты креативті шаралардың арқасында адамдар өрт қауіпсіздігінің маңыздылығын ұмытпай жүреді деген оймен жасалған. Қайғылы оқиғалардың алдын-алу шарасы аясында мамандар тәртіп бұзушы отбасыларға үйлеріндегі қауіпсіздікті арттыру бойынша ұсыныстар жазып берді. Айта кету керек, егер өрт шыққанда немесе басқа да қайғылы жағдайда пештерін ретке келтірмеген тұрғын үйлердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құтқарушылар пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар