ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«Қауіпсіз жол» акциясы

13:30, 22 маусым 2022

 «Заң барлығына ортақ!» Облыстық полиция департаменті маусымның 16-сы мен 19-ы  аралығында өткізген «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасының қорытындысын шығарды. Нәтижеге сай, 5818 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, көлікті мас күйде басқарған 58 жүргізуші ұсталған.

Жаз басталысымен, жағалауда демалуға асығатындар көбейген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жолдағы апаттардың көпшілігі, дәл осы жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығып кету салдарынан болады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында, жол-көлік оқиғасы жиілеп кеткен Өскемен-Самар тасжолында төрт патрульдік жасақ қызмет ете бастаған. Полиция қызметкерлері жадынамалар таратып, патрульдік көліктердің макеттерін орнатуда. Ондағы мақсат – заңбұзушылықтың алдын алу, жол апаты оқиғаларын болдырмау.

Жедел-алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген 10, қарсы жолаққа шыққан 50-ден аса жүргізушіні анықтаған. Жаяу жүргіншілерге жол бермеу фактісі бойынша 400 құқықбұзушылық тіркелген. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды арнайы сертификатталған жылдамдық өлшегіш құралдар мен дрондар арқылы да анықтауға мүмкіндік бар. Тәртіп сақшылары жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге де ескерту жасап, 1000-нан аса заңбұзушылықты тіркеген.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар