ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

КАТОНҚАРАҒАЙДЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

16:19, 23 қараша 2020

Өскеменде жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл жолы  катонқарағайлық шаруалар өз өнімдерін әкеліп, саудалады. Қарапайым ауыл тұрғындарының еңбегімен келген экологиялық таза, табиғи өнімдерді қала тұрғындары көптеп сатып алды.Катонқарағайлық шаруалар дәстүрлі жәрмеңкеде  7 тоннадан астам сиыр етін, 600 келі қой мен 1,5 тоннадан астам жылқы етін сатты. Облыс орталығының тұрғындары экологиялық таза өнімдерді жапа-тармағай жарыса алып жатты.Қолдан жасалған үй тағамдары ерекше сұраныста болды. Бұл тауарлар консервантсыз, сонымен қоса пайдалы қасиеттерін ұзақ уақытқа сақтайды.Қыстыгүні ағзаға қажетті дәрумендерге бай, әрі қауіпті инфекциядан қорғап, иммунитетті көтеретін азықпен қоректену өте маңызды. Сондықтан катонқарағайлық фермерлер ара тозаңдары мен түрлі жеміс-жидектен жасалған тоспаларын алып келіпті.Катонқарағайлық шаруалар әкелген тауарларын көпшілік назарына ұсынды. Әрбір ауылдық округтің тауарлары үшін алдын ала белгіленген орны мен сөрелері болды. Сатып алушылар олардың ішінен өздеріне қажеттісін таңдап алды.Сатып алушылар күннің суықтығына қарамастан, жәрмеңкеге қарай ағылды. Әркім өзіне қажетіне өнімдерді алып кетіп жатты. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТРАМВАЙДЫҢ ЖОЛ ЖҮРУ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
13:38, 3 наурыз 2021
ТРАМВАЙДЫҢ ЖОЛ ЖҮРУ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:36, 25 ақпан 2021
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...