ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Катонқарағайда құрылыс қарқынды

17:17, 7 маусым 2021

Шығыс Қазақстан облысындағы шекаралық аудандарды дамытуға 2020-2024 жылдар аралығында 218 млрд. теңге жұмсалады. Естеріңізде болса, шекара маңындағы 5 ауданның халқының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өңірде кешенді жоспар әзірленген еді. Қазіргі уақытта Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай және Үржар аудандарында ілкімді істер атқарылуда. Әсіресе Катонқарағай ауданында құрылыс қарқынды. Бұған облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған шекаралық аудандарды дамыту бағдарламасы ықпал етті. Аудан әкімінің сөзіне сенсек, алдағы уақытта құрылыс қана емес, ауылдарды абаттандыру да жалғасын табады. Тұрғын үй құрылысы да өңірде қарқын алған. 2021 жылы Үлкен Нарында жалпы ауданы 2002 шаршы метр үй салынады. Үш қабатты нысан  биыл қараша айында пайдалануға берілуі керек. Аталған ғимараттың бірінші қабаты көтеріліп қойған. Қажетті материалдар, техника жеткілікті. Үй екі подьезден тұратын болады. Құрылыс мамандары нысанның сапалы салынып жатқанын сөз етті.  Сондай-ақ, жеке құрылысшылар салып, аудан әкімдігі сатып алатын бағдарлама да жұмыс істеп тұр. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға, көпбалалы жанұяларға және аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге берілетін пәтерлер Үлкен Нарында салынуда. Атап өткендей 17 үй салынады. Екі пәтерлі үйлер заманауи стандарттарға сай етіп көтеріледі. Бүгінде жұмыс басталып кеткен. Мердігер компания директоры Дидар Бахтияров жұмыс жүйелі жүруде дейді. Барлығы ішінде. Жаңа үйлердің талаптары осындай. Су, жылу жүйелері қосылып беріледі. Құрылыс учаскелерінде керекті техниканың бәрі бар. Құрылыс жұмыстарына ауыл азаматтары да тартылған. Яғни, жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...