ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға Ресми Сапары

13:34, 26 қараша 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппті Қазақстанға шақырды. Қазақ басшысы Бельгия короліне келер жылы елімізде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуды ұсынды. Бельгияға ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты король Филипп өзінің сарайында қабылдады. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемалар жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы пандемия басталғалы Еуропаға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті. Бұдан соң президент Бельгия премьер-министрі Александр де Кроомен келіссөздер жүргізді. Кездесуде Глазгодағы саммит қорытындылары бойынша климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Сондай-ақ терроризмге, адам саудасы мен заңсыз миграцияға қарсы күреске баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмегі бойынша шараларға да тоқталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар