ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ТҰР

17:15, 14 мамыр 2021

Шығыс Қазақстан елде тұрғындары карантиндік талаптарды сақтамайтын әрі салынған айыппұл көрсеткіші бойынша көш бастаған өңірлердің қатарында тұр.  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратына сәйкес, 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында мониторингтік топ өкілдері облыста 3 646 тәртіп бұзушылықты тіркеген. Айыппұл қандай негізде салынуда? Жыл басынан бері республика бойынша мониторингтік топтар 500 646 нысанды аралап, 80 352 рейд жүргізді. Рейд нәтижесінде 14 мыңнан астам нысан  карантиндік талаптарды ескермей, жұмысын жалғастырып келген. Комитетте коронавирус пандемиясы бойынша қауіпсіздік шараларына селқос қараған Қазақстанның өңірлерін анықтады. Мәселен, тәртіп бұзушылықтар бойынша Шығыс Қазақстан облысы елде көш бастап тұр. Мұнда үш мыңнан астам заң бұзушылық тіркелген. Екінші орында екі мыңнан астам тәртіпке бағынбағандар анықталған - Түркістан облысы мен Алматы қаласы. Ал Шымкентте 1 609 жағдай болса, тізімнің  соңын Алматы облысы аяқтап тұр. Мониторингтік топ өкілдерінің айтуынша, тексеріс барысында  мындай  жағдайлар жиі кездеседі. Олар карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істеуі, медициналық бетперде тағу қағидасын ұстанбау мен қаулыда бекітілген жұмыс кестесін сақтамау.  Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, карантиндік шектеу шаралары мен  санитариялық қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 823 хаттама толтырылған. Сондай-ақ, жалпы сомасы 100 млн.теңгеден асатын 1 758 айыппұл салынған.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...