ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?

13:34, 5 наурыз 2021

Бірнеше күн бойы толассыз жауған қар өскемендіктерді біраз әбігерге салды. Тұрғындар жолдардың дұрыс күрелмегенін айтып, қар тазалаушы техникалар көшеде жоқтың қасы деп шағымданған еді. Алайда, әкімдік өкілдері тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын, қар құрсауында қалған көшелерді тазарту түнгі уақытта да жалғасатынын айтады. Наурыз айының алғашқы күндерінде тоқтаусыз жауған қар мөлшері шамамен бір айлық деңгейге жетіп жығылған. Соған қарамастан жауапты коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерді қалың қардан тазарту жұмыстарын екі ауысыммен тәулік бойы жүргізуде. Мердігер мекемелердің техникалары да, жұмыскерлері де толықтай жұмылдырылған. Алайда, жол полициясы басқармасы мамандарының сөзіне сенсек, жол жиегінде тұрған автокөліктер қар тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін көрінеді. Өткен түнде қаланың орталық көшелеріндегі қалың қарды  шығару жұмыстары қолға алынып, 95 арнайы техника жұмылдырылған. Оның ішінде 18 автогрейдер бар. Әдеттегідей қаланы қардан тазарту жұмыстарын бақылауға шыққан шаһар басшысы Жақсылық Омар жауапты мамандарға барлық күшті жұмылдырып, бұдан да ұқыпты жұмыс істеуге тапсырма берді. Айта кетейік, бүгінгі таңда қала көшелерінен 120 мың текше метрге жуық қар шығарылған. Оның 4 мыңы наурыз айының алғашқы үш тәулігінде жауған қар.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар