ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ Толығырақ

ҚАР КӨШКІНІ - ҚАДАҒАЛАУДА

13:34, 26 қаңтар 2021

Облыстық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен «Қазгидромет» мамандары және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі бірлесе аймақтағы қар көшкіні мен гидрологиялық жағдайды үнемі бақылауда. «Өскемен-Риддер-Өскемен» бағытындағы қауіпті аумақтарды  байқау үшін мониторингтік жұмыс тобы тікұшақпен көтерілді. Бұл ауданды асқан сақтықпен бақылау қажет дейді мамандар. Мәселен, бір ғана Риддер қаласы маңында 30-дан аса көшкін жүру қаупі жоғары ошақтар бар. Тікұшақпен тексеру нәтижесінде арнайы топ таудағы қар жиналған орындарда жағдай тұрақты екендігін айтты. Өздігінен көшкін түсуі екіталай. Бұған дейін де адам әсерінен көшкін жүру оқиғасы тіркелмеді. Сондай-ақ, төтеншеліктер тау өзендері аумағындағы Журавлиха өзені бойында қар қалыңдығы 30-40 см-ді, Быструха өзені маңында 40-60 см-ді құраса, Громотуха өзенінің таулы тұсында 25-45 см, Кіші Үлбі су қоймасының биік таулы жерлерінде 185-190 см екенін мәлімдеді. Өңірдегі елді мекендерде қар көшкіні жүру, су басу оқиғалары тіркелмеді.

  
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар