ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ҚАЛЖЫР ӨЗЕНІН ЛАСТАП ЖАТҚАН КІМДЕР?

16:38, 4 қараша 2020

Күршім ауданы аумағындағы Қалжыр өзенін сол маңда кен өндіріп жатқан компаниялар ластап, бүлдіруде. Қоршаған ортаға зиян келтіруде. Әлеуметтік желіде осындай видео тараған болатын. Бас-аяғы бір минуттық видеоның авторы өзін жергілікті тұрғынмын деп таныстырып, өзенде кен барлау жұмыстары емес, алтын қазылып жатыр дейді. Бұл жұмыстардың екі жылдан бері жүргізіліп жатқандығын айтып, өзеннің төменгі жағында Қалжыр, Боран ауылдары орналасқандығын, тұрғындардың денсаулығына алаңдайтындығын жеткізеді (уатсаптағы видеоны беру керек). Жақында мәселенің мән-жайын анықтау үшін облыстық экология департаменті инспекторлары Күршім ауданына арнайы барып қайтыпты. Алайда департамент қызметкерлері Алтай ауылынан шамамен 5 шақырым жерден заңсыз кен қазу жұмыстары жүргізілгенін анықтағандарын айтады.  Департамент өкілі бұл мәселені жергілікті полиция назарға алғанын жеткізді. Ал Қалжыр және Бала Қалжыр өзендерінен алынған сынаманы  қазір  Өскемендегі  орталық зертханада тексеруге  кіріскен.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...