ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қалың қармен арпалыс

17:17, 14 қаңтар 2022

Өскемендегі қардың жіпси еруі көктайғаққа ұласып жатыр. Инертті материалдарды қала көшелеріне уақтылы  сеппесе, адамдардың еркін жүріп-тұруы қиындамақ. Бұл мәселеге жауапты мекеме басшылары не дейді? Комуналдық қызмет өкілдері осы уақытқа дейін қанша куб қар шығарды?

Жол жиегіндегі мына үйінділердің тұрғанына бір айдай уақыт болған. Ерісе көшені су қылып, аяз түссе мұзға айналдырары анық. Қала тұрғындары да осыдан қауіптенеді. Жауапты мекеме өкілдері тезірек қаланы қардан аршыса екен деген тілектері де бар.

Ал, комуналдық қызметкерлер  өз жұмыстарын бекітілген жоспарға сай істеп жатқандарын айтып ақталды. Облыс орталығындағы негізгі көшелерді қардан аршудамыз, дейді. Жалпы қала тазалығы үшін  160-қа жуық адам жұысқа тартылан. 130 техника жұмылдырылған.

Жауапты мекеме қызметкерлері осы күнге дейін 46 мың куб қар шығарған. Күн жылынғанша  жолдардағы үйінділерді толықтай  тазалап бітіреміз дейді. Шаһарды ақ ұлпадан тазарту үшін комуналдық мекемеге бюджеттен 26 млн қаржы бөлініпті. Бұл тек қаңтар, ақпан  айлары үшін ғана бөлінген қаражат.

 

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...