ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАЙТЫН ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРЕДІ

17:15, 18 мамыр 2021

Өскеменде грек елімен бірлескен жаңа жоба жүзеге асырылады. Жоба аясында қоқыс өңдейтін зауыт салынады. Құрылысқа арналған жер учаскесі бөлінген, қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтуде.  Осы орайда Өскемен әкімдігі, «Оператор РОП» ЖШС мен грекиялық SABOS.A компаниясы үшжақты келісім жасасты. Маусым айында жылына 100 мың тонна қалдық сұрыптайтын зауыттың құрылысын бастау жоспарлануда.  Әрине, тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің маңызы зор. Грек мемлекетінен келген компания басшысы екі ел бірлесіп, жобаны ойдағыдай іске асырамыз деп сендірді.  Айта кетейік, Өскеменде тамыз айына дейін шыны, қағаз, пластик ыдыстарды  қабылдайтын 10 қабылдау бекеті ашылып, органикалық қалдықтарға арналған контейнерлер орнатылады.


 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...