ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ҚАЛАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДӘРЕТХАНАЛАР

12:11, 4 қараша 2020

Әлем жұртшылығы жыл сайын 19 қарашаны Дүниежүзілік дәретханалар күні ретінде атап өтеді екен. Әрине, бұл біз үшін әзірге таңсықтау мереке екендігі рас. Алайда, қалада қоғамдық дәретханалардың аздығы, жо – жоқ тіпті жоқтығы өзекті мәселе екені жасырын емес. Облыс орталығында бар-жоғы тоғыз стационарлық және екі жазғы дәретхана бар екен. Мейлі, солай – ақ болсын. Ең болмағанда солар ашық па? Біліп көрген едік. Шаһардағы мына  аудандарда  қоғамдық дәретханалар бар: Сәулетай паркі, Өзен вокзалы, Протозанова көшесі, Гагарин Бульвары Аллеясы, Нұрлы Жол саябағында, ҰОС ескерткіші маңы, "Комендантка" өзенінің жанында тіпті екі дәретхана орнатылған және республика алаңында.  Қала тұрғындары осы дәретханалардың бар – жоғын біле ме екен сұрап көрдік. Зер салып тыңдаңыз, таң-тамаша боласыз… Қала әкімдігіің баспасөз қызметі Өскеменде 9 тегін қоғамдық дәретхана бар екенін растады, бірақ сегізі жұмыс істейді. Егер дәретханалар аталған уақытта жұмыс істемесе, қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, сондай-ақ 53-25-77 нөмірі бойынша "Таза Өскемен" диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...