ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қала көркі басты назарда

13:32, 29 маусым 2022

 

Өскеменде балаларға арналған ойын алаңдарын орнату мен аула арасындағы өтпе жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Қала әкімі Жақсылық Омар атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Шаһар басшысының айтуынша, басты мақсат -  құрылыстың сапалы болуы.

Биыл қаладағы ойын алаңдарының басым бөлігі «халық қатысатын бюджет» аясында пайда болды. Бағдарламаға қатысуға кез-келген азамат қала әкімдігінің сайты арқылы өтініш бере алады. Әсіресе, қаланың шалғай аудандарындағы аулаларды абаттандыруға өте ыңғайлы. Осылайша, Әл-Фараби даңғылы бойындағы жаңа ауданда жаңа балалар алаңының құрылысы аяқталуға жақын. Дәл осындай ойын алаңы Бажов көшесіндегі 333 үйдің ауласында да салынды.

Көптен күткен ойын алаңдарының құрылысы аяқталғанына тұрғындар да дән риза. Себебі, алаңқайлар ауланың сәнін келтіреді. Балаларға да ойнайтын жер бар.

Сонымен қатар, Жақсылық Омар аула арасындағы жолдарды жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қала әкімінің айтуынша, биыл барлығы 150-ге жуық учаске жөндеумен қамтылмақ. Ол үшін қала әкімдігінен арнайы қаражат бөлінген. Бүгінде 31 учаскеде жұмыстар аяқталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар