ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қала көркі басты назарда

13:31, 20 мамыр 2022

Қала басшылығы шаһар көркіне ерекше көңіл бөліп келеді. Көшелерде орташа жөндеу жұмыстары, тротуар салу, жарықтандыру, аулаларға балалар алаңын орнату мен аббаттандыру қарқынды түрде жүргізілуде. Осының барлығы қамтылған 10-нан астам мемлекеттік бағдарламаға 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Мәселен, осы жазда «Менің аулам» бағдарламасына 300-ге жуық ауланы енгізіп, ретке келтіру жоспарда бар. Сонымен қоса облыс орталығында тұрғындар пікірі негізге алынатын «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы да нәтижелі іске асуда.

Қалалық билік өкілдері тұрғындар пікірін ескеруде. Көпшіліктің сұрауы бойынша, Сәтбаев даңғылын сегіз жолақты етіп кеңейткен кезде «уақытша жол»-ға айналған Комсомольский көшесіне дейінгі аралық өткел жөнделуде.

Сондай-ақ, біраз уақыт бұрын «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Мызы көшесінің тұрғындары балалар ауласын орнатып беруді өтінген. Бүгінде халықтың қалауы орындалуда. Қазіргі уақытта  тұрғын үйдің алдында қызу жұмыс жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыс Қазақстан көшесінде де атқарылып жатыр. Мұнда алда әлі шаруа көп. Бұл жер жол төсемінен бастап, трамвай жолына дейін жаңартылады. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта өскемендіктердің сүйікті орнына айналған «Арбат»-қа гүл егілуде.

Құрылыс пен аббаттандыру жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралаған қала әкімі Жақсылық Омар Протазанов көшесі бойындағы аулалардың біріндегі шұңқырларды түзету жұмысына ескерту жасады. Оның айтуынша, бұл іске қарастырылған қаржы асфальт пен жаяу жүргінші жолдары бұзылған аулаларды қамтитындай дұрыс бағытта жұмсалуы тиіс. Жалпы, биыл қала ішіндегі жол жөндеу, көшені кеңейту, тротуар салу мен гүл егу жұмыстары мерзімінен бұрын басталып кеткен. Өйткені, жауаптылар жаз ортасына дейін жұмыстың негізгі бөлігін аяқтауды көздеп отыр. Сондықтан көп ұзамай Өскемендегі тұрғын үй аулалары мен көшелері жаңарып, жаңа келбетке енбек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...