ШҰҒЫЛ! ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАЙТЫН ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРЕДІ Толығырақ

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СӨРЕСІ» ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

13:34, 22 ақпан 2021

Өскеменде қалалық мәслихат депутаттары мен еріктілер «қайырымдылық сөресі» акциясына қатысты. Шара барысында дүкеннен азық-түлік сатып алып, оны арнайы дайындалған сөрелерге қойды. Қала тұрғындары бұл жерден өзіне керекті дүниені тегін ала алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы бастау алған болатын. Осы шараға өз үлестерін қосу үшін Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары «Қайырымдылық сөресі» акциясына қатысты. Акцияның мақсаты - қала тұрғындарын қайырымдылыққа, игі істер жасауға шақыру. Дүкенге келген әрбір азаматтың қалаған затын алуға ақшасы жетпеуі мүмкін. Енді қаражатын үнемдеп, жетпеген затты осы сөреден алуына болады. Акцияны ұйымдастырып, сөреге азық-түлік өнімдерін салған облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері. Аталған бастамаға қаладағы көптеген дүкен мен шағын маркет иелері қолдау білдіруде. Дүкен иелері акцияға үлес қосу азаматтық парызымыз дейді. Олар сөрелерді дәл кассаның жанына, көрінетін жерге орнатуға тырысуда. Жастар ресурстық орталығының еріктілері марафонды кәсіпкерлерге және өңіріміздің өзге қалалары мен аудандарына жолдауда.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
13:34, 12 мамыр 2021
ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...