ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қайратты жастар - 2021

13:33, 6 желтоқсан 2021

Өскеменде дәстүрлі «Қайратты жастар-2021» байқауы өтті. Жарысқа өңірдегі ірі өнәркәсіп қызметкерлері қатысты. Шығармашыл қыз-жігіттер өздерін сахнада да, спортта да белсенді екендіктерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Билейді, ән айтады, спорттық рекордтар орнатады, айтылғандардың барлығы осы жарысқа қатысушылар туралы. Зауыттардың креатившіл, өнерлі, спортқа жақын жұмыскерлері расында да таңғаларлық нөмірлер дайындап келген. Бірі жанды дауыста ән салса, бірі өлең оқыды, тіпті көңілді флешмоб билегендер де табылды. Сахнаға қарап отырып, техникалық мамандық өкілі емес, нағыз әртіс өнер көрсетіп жатқандай әсер аласың. Сайысқа 7 команда қатысты. Барлық қатысушылар жан-жақты әрі өте белсенді. Қатысушылардың сөзінше жұмыста үзіліс кезінде дайындалуға тура келіпті.Махаббат Сығаева да бұл шараға жылда қатысуға тырысады екен. Оның айтуынша, байқау өнердегі бапты да, бақты да қатар сынайды.«Қайратты жастар» байқауының биыл өткізіліп жатқанына 9 жыл. Конкурс көптеген кәсіпорындарды қамти отырып, жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Ұйымдастырушылар бұрын байқау тек қалалық өндіріс орындарын ғана қамтыса, биыл ауданнан да біршама командалар қосылды, - дейді.Қатысушыларды қолдауға Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да келді. Оның айтуынша, мұндай іс-шараларды өткізіп тұрудың маңызы зор.Жеңімпаздар сертификаттармен және алғысхаттармен марапатталды. Десек те, олардың ең бірінші жеңісі осы байқаудан алған қайталанбас әсерлері.

 

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...