ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қайғылы жағдай

13:32, 26 қазан 2021

Оқыс оқиға...Семей қаласында иіс тиіп, бір адам ажал құшты. Қайғылы жағдай 25 қазанда тіркелген. ТЖД  баспасөз қызметі хабарлағандай көз жұмған 1947 жылғы азаматша. Сондай-ақ, Алтай қаласында екі бала иіс тиіп, уланған. Семейде адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиға мұржаның уақытылы әрі дұрыс тазаланбауынан болған. Құтқарушылар аталған үй тұрғындарына бірнеше рет ескерту жасап, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырған. Алайда, ескертуді ешкім елемеген көрінеді. Бұдан бөлек, Алтай қаласында екі бала иіс тиіп уланған. Олар 2019 жылы туған қыз бен 2012 жылғы ұл бала. 24 қазан күні сағат 20:44-те балалар қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖБ мамандары өңірдегі аудандарда профилақтикалық шараларды жүргізуде. Мәселен,Тарбағатай ауданында құтқарушылар 50-ден астам тұрғын үй иелерінің пештерін ережеге сәйкес орнатылуын тексеріп, талапқа сай келтіруге көмектесті. Қазіргі таңда ШҚО-да осындай шара барысында 100 мыңнан астам үй тексерілді. Еске сала кетейік ҚР заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі үшін үй иесі өзі жауапты. Сондықтан, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтамаудың арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін естен шығармау керек,- дейді мамандар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар