ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қайғылы оқиға

13:34, 22 қараша 2021

Шығыс Қазақстанда бір тәулікте үш бірдей тұрғын өрттен қайтыс болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың кесірінен болған.Бірінші оқиға Риддер қаласы маңындағы Бутаково ауылында тіркелді. 85 жастағы қарттың мәйітін құтқарушылар қызыл жалынға оранған үйден тапқан. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пешті қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп. Сондай-ақ, тілсіз жаудан  Шемонаиха ауданындағы 84 жастағы кейуана қайтыс болды. Марқұм электр пешімен үйді жылытпақ болып, оны ағаш үстелдің үстіне қойған көрінеді. Салдарынан өрт шығып үй иесі көз жұмды. Тағы бір қайғылы жағдай Ұлан ауданында тіркелді. 33 жастағы ер адам мерт болған. Жыл басынан бері облыстың ТЖД қызметкерлері 331 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, пештерді, газ баллондарды және электр құрылғыларын дұрыс пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген.Төтенше жағдайлар қызметі жылыту маусымы басталған уақытта өрт жағдайлары жиі тіркелетінін айтады. Мамандар отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар