ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ІЗДЕСТІРУ ИТТЕРІ ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

13:36, 14 мамыр 2021

Облыс орталығында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өңірлік бөлімшелердің кинологиялық қызметі жыл сайынғы сертификаттық сынақ тапсырды. Шара облыстық департаменттің базасында ұйымдастырылды. Сертификаттауға 6 кинолог қатысты. Олар ШҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі", 5-ші кинологиялық жасақ пен Семей қаласының № 68303 әскери бөлімінің 3 жасағы. Емтихан  бірнеше кезеңнен тұрды. Кинологтардың  ептілігі, техногендік ортада, қоқыс астында қырағылық көрсетуі бағаланды. Барлық тапсырма нақты жағдайларға негізделген. Бағалау критерийлеріне іздестіру-құтқару іс-қимылдарын жүргізу жылдамдығы, сапасы және қауіпсіздігіне басымдық берілді. Кинолог мамандардың сөзінше іздестіру жұмыстарына лабрадорлар мен ретривер тұқымды төбеттер епті келеді екен. Сынақ нәтижесі бойынша сертификаттауға қатысқан 6 кинологтың барлығы рұқсат қағазын алып, емтиханнан сәтті өтті. Олар бір жыл бойы төтенше жағдайдағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысады.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...