ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

ІТ салаға бала кезден баулу

13:38, 10 қыркүйек 2021

Үкімет отандық IT-компанияларды күшейтуге назар аударуы керек. Ол үшін кемінде 100 мың білікті IT-мамандарын дайындау жоспарлануда. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. Өскеменде аталмыш бағыт бұрыннан бері Жас техниктер станциясында іске асырылып келеді. Онда балалар жастайынан болашақ мамандықтарына бейімделіп, білім қорларын көбейтеді. Жас техниктер станциясы жаңа оқу жылында 700-ден астам баланы қабылдап, 17 бағыт бойынша бейімдемек. Бұл - робототехника, картинг, 3Д-модельдеу, авиа, автомодельдеу және тағы басқалары. Әркім жанына жақын бағытты таңдай алады. Мәселен, бұл steam зертханасы. Мұнда оқушылар шағын автомобильдердің болашақ модельдерінің жобасын жасайды. Ал қажетті бөлшектер 3D принтерде басып шығарылады. Жас техниктер станциясы тәрбиеленушілері толайым табыстардан кенде емес. Жыл сайын  қалалық, облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүргендер қатары көп. Бұл орталықтың робототехника бағыты да танымал. Балалар мұнда қуана-қуана келеді. Биыл роботтың тілін түсінуге тырысқан талапты балалар үшін бөлім 15 қыркүйекте өз жұмысын бастайды. Орталық басшылығы мен мамандары балалардың бойына кішкентай кезінен сіңіретін дағдылар олардың болашағына жасалған инвестиция екеніне сенімді. Өйткені жас техниктер станциясы тәрбиеленушілерінің көбі келешекте IT-технологиялар саласының мамандары атанады.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...