ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

IT-КИІЗ ҮЙ

17:17, 21 қаңтар 2021

Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада еліміздің өткен тарихын  зерделеу мақсатында заманауи технологиялар қолданылуда. Енді кітапхананың жас оқырмандары аймақтағы киелі жерлерге виртуалды саяхат жасай алады. Аймақты мекен еткен ата-бабаларымыздың мәдениетін, тұрмыс салтына терең бойлауға бар мүмкіндік жасалған мұнда. it-киіз үй деп аталатын жоба көпшілік назарына ұсынылғалы келушілер арасында зор ықыласқа бөленген. Кітапхана келушілері арнайы бағдарлама арқылы әлемнің кез-келген еліне саяхат жасап, физика, анатомия ілімдерін меңгеріп қана қоймай, ғарышты да барлай алады. Кітапхана ұжымының алға қойған жоспарлары да ауқымды. Болашақта виртуалды экскурсия қорын кеңейтіп, жеке саяхат бағдарын құрастырмақ. Қазірдің өзінде аталған орында қызмет ететін  IT саласының мамандары қазақ халқының көне тұрмысын бейнелейтін онлайн-ойын құрастырып жатыр. Ойын толығымен дайын болған соң орталық кітапхананың ғаламтор бетіндегі парақшасына сілтеме арқылы орналастырылады.  Осылайша, үйде отырып-ақ қазақ халқының тарихына саяхат аласыз. Сондай-ақ кітапхана қабырғасында жас  бағдарламашылар үшін бірнеше тың бастама ұсынылуда. Виртуалды әлемде саяхат жасаудан бөлек, жас оқырмандар кітапханада 3D модельдеу, робототехника негіздерін игеруде. Мұнда жалпы саны 22 үйірме жұмыс істейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар