ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Инклюзивті білім беруді дамыту

13:30, 1 қазан 2021

Ерекше балаларға ерекше жағдай жасау қажет. Сол себепті, Риддер қаласында дамуында ерекшеліктері бар тәрбиеленушілерге арналған орталық  және мектепте арнайы инклюзивті сынып ашылды. Мұның бәрі меценаттар мен мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы арқасында жүзеге асқан. Риддердегі № 9 мектеп ұзтаздарының арманы орындалды деу артық емес. Өйткені, осы уақытқа дейін мұғалімдер дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін түзету сыныбының ашылуын тағатсыздана күткен. Соңғы үлгідегі технологиямен  жабдықталған кең сынып балаларға бірден ұнады. Осындай  жайлы сыныпта 48 ерекше оқушы арнайы дайындықтан өтуде. Сондай-ақ, кабинет балалардың қоғамға тезірек бейімделуіне көмектесетін басқа да құрылғылармен жабдықталған. Онда ерекше балалар қабілеттеріне қарай түрлі еңбек дағдыларына машықтанады. Заманауи әдістердің арқасында есту мен көру, тірек-қимыл аппараты функциялары мен ақыл-ойында  кемістігі бар балалар қолдың ұсақ моторикасын, сөйлеу терапиясын дамытуға арналған тренажерлерді пайдалана алады. Мұнда жеткіншектердің арт-терапиямен де айналысуға мүмкіндігі бар. Педагогтердің айтуынша, сатып алынған жабдықтардың арқасында балалар өздерінің тәлімгерлерімен бірге танымдық процестерді, есте сақтауды, зейінді, ойлауды, қиялды, дикцияны, сөйлеуді дамыта алады. Ал, бұл дамуында ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеуге арналған "Время жить" емдеу-дамыту орталығы. Әрі кәсіпкер әрі ерекше қыздың анасы Светлана Чупина "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша осы жобаны іске асыруға 5 млн теңге көлемінде грант жеңіп алды. Орталықта кішкентай тәрбиеленушілерге барлық жағдай жасалған. Олармен білікті логопедтер мен нейропсихологтар жұмыс істейді. Бүлдіршіндердің бассейнде арнайы процедуралардан өтуге және бейімделген дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндігі бар. Орталық мамандары үшін семинарлар өткізіледі, сондай-ақ, өзге қалалардан арнайы мамандар келіп тәжірибелерімен бөліседі. Бүгінде орталықта 24 тәрбиеленуші бар. Риддерде арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік болғандықтан болашақта ұйымдастырушылар өз қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр. Орталық 60 балаға есептелген.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар