ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ

17:15, 16 сәуір 2021

Облыстық әкімдікте әуежайларды дамыту және жаңғырту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Өскемен қаласы мен Үржар ауданындағы әуежайлардың күрделі жөндеуге жабылуына байланысты Алакөл жағалауына қатынау мәселесін қарастырды. Туристік маусым басталысымен демалушы жұрт Алакөл жағалауына қарай ағылады. Дегенмен биыл Үржардағы әуежайлардың күрделі жөндеуге жабылуына байланысты Алакөл жағалауына қатынау мәселесі біраз қиындық тудырып тұр. Алайда әуежайларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығына қарамастан ұшақтар қатынайды деп жоспарлануда. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қандай жағдай болмасын, Алакөл жағалауына көліктермен жетудегі қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырды. Әсіресе автобус және теміржолмен тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту есебінен жолаушылар қатынасы мәселесін толық шешуге болатындығын жеткізді. Өскемен әуежайын 2021 жылдың 4 тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жерде қосымша қуаттылығы күніне 30 тонна жүк терминалы мен уақытша сақтау қоймасы салынып жатыр. Ал Үржардағы әуежай күрделі жөндеу жұмыстары кезінде толығымен жабылады. Алайда ауқымды қалпына келтіру жұмыстарынан кейін әуеге арналған заманауи реактивті және турбиналы-винтті қабылдауға қауқарлы болады. Әуе көліктері жабылысымен туристер автобусқа немесе пойызға отыруға мәжбүр болады. Алакөлге қатынайтын пойыздардың бағыты да туралы да басқосуда тілге тиек етілді. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев жиын барысында шешімін таппаған өзге де мәселелерге жіті көңіл бөліп, қарастыруды тапсырды. Туристерге қолайсыз жағдай тудырмау мақсатында Алакөлге және өзге де бағыттарға қатынайтын көліктер кестесі ақпараттандырылатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар