ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Індетті жеңудің жолы – екпе

13:30, 26 қараша 2021

Коронавирусқа қарсы вакцина Covid-19-бен күресте өз тиімділігін көрсетті. Қазіргі уақытта ересектер арасында дертке шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді. Ендігі кезекте қауіпті індеттің таралуын алдын алу мақсатында жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді Pfizer препаратымен иммундау шарасы басталды. Дегенмен, тұрғындар арасында екпеге қатысты түрлі сауалдар толғандырып жатқаны да жасырын емес. Вакцинаны кімдер алған дұрыс? Екпе салған соң созылмалы аурулар асқынуы мүмкін бе?Шығыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Себебі, Covid-19 инфекциясының таралуын тоқтатудың ең тиімді тәсілі – жаппай вакцина салу, қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Облыста қазіргі уақытта жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді иммундау шарасы басталды. Балалар хирургі Рая Рахимова ата-аналарға еш алаңдаусыз өз баларларына екпе салдырған жөн екендігін айтады.Pfizer вакцинасы әлемнің бірқатар мемлекеттерінде тәжірбиеден өтіп, қолданыста жүрген препарат. Елімізде бұл екпе 12 мен 18 жас аралығындағы баларға және 16-37 апталық жүкті әйелдерге, босанғанына 42 күн толған аналарға ғана салу жоспарланған. Қазіргі күнде екпе орындары ауруханалардан бөлек мектептерде де қарастырылған.   «Неғұрлым екпе салу қарқынын жылдамдатсақ, соғұрлым вирусты жеңу мүмкіншілігі артады», - дейді мамандар.Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанға Pfizer екпесінің 379 мың данасы жеткізілген, ал жалпы қазақстандықтар үшін бұл вакцинаның 4 млн 230 мың дозасы сатылып алынған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар