ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Халықаралық оқу-жаттығу

13:38, 7 маусым 2021

Шығыс Қазақстанда Қазақстан мен Ресей Федерациясының Алтай өлкесіне шектес аумақта  ауқымды трансшекаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары  өтті. Екі елдің құтқарушылары төтенше жағдай туындай қалған жағдайда өртке қарсы тұрудың бірлескен іс-қимылдарын пысықтады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі елдің өрт сөндірушілеріне "Семей орманы " мемлекеттік мекемесінің Морозов филиалы Полянский орманшылығы аумағындағы шартты орман өртін сөндіру міндеті тұрды. Адамдарды қойып арнайы көліктердің жүруіне кедергі келтіретін ойлы-қырлы, құмды, орманды алқап, әдейі таңдалған екен. Мұнда өрт қаупі бар маусымның ұзақтығы жылына 204 күнді құрайды. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша найзағайдан өрт тұтанады. Қатты жел қызыл жалынды одан әрі ушықтырып, жақын маңдағы Ерназар ауылы мен сол елді мекенге іргелес Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Степно-Михайловский орман шаруашылығына қауіп төнеді. Қауіпті аймақтағы тұрғындар эвакуацияланады. Жедел әрекет ету үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары МИ-8 тікұшағын іске қосты. Шығыс Қазақстанда өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүріп жатқан кезде Ресей тарапы онлайн режимінде тілсіз жаудың өшірілу барысын бақылап өз тәжірибелерімен салыстырды. Екі елдің құтқарушылары мен орманшыларының бірлескен жұмысы нәтижелі болып, 280 га алқаптағы өрт аз уақыттың ішінде сөндірілді.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...