ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

13:38, 5 наурыз 2021

Кез келген халықтың мәдениеті мен тарихының бір бөлігі саналатын музыкалық аспаптар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді.  Бүгінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық аспаптарды үйренуге ынталанып жүрген жандардың қатары аз емес. Жақында өңірдің өнерпаздар студенттері аспаптық орындау шеберлігі бойынша халықаралық байқауда жүлделі орындардан көрінді. Мәскеу қаласында өткен онлайн байқаудың үрмелі аспаптар номинациясында өнер училищесінің студенттері Алексей Чугуров пен  Альхамжан Секенов І және жүлделі ІІ орынды қанжығаларына байлады. Альхамжан байқауда трубада ойнау шеберлігі бойынша өнерін көрсеткен. Оқу орнына 8 жасында келген ол алғаш аспапқа деген қызығушылығым теледидардан бір көрген сәтте оянды, аспаптың сыртқы көрінісінен гөрі дауыс ырғағының әсем үні мені баурап алды дейді. Бүгінде ол мыс аспаптар бөлімінде труба аспабын үйренуде. Аталмыш байқауда жеңіске жетуіне түрткі болған күрделі шығарманы орындау оңайға соқпағандығын айтады. Жас орындаушылардың өнерлерін жан-жақты дамыта отырып, кәсіби орындаушылық шеберлігін арттыруға бағытталған байқауға жас таланттар тыңғылықты дайындалған. Карантин жағдайына байланысты онлайн режимде өткен байқауларға басында үйрену қиын болғанымен кейіннен қатысушылар оған да үйреніскен. Бүгінде жас таланттар аталмыш байқаудағы жеңісімен тоқтамай, алдағы уақытта өтетін өзге де өнер байқауларына дайындық жұмыстарына кірісіп кеткен.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар