ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Халық пікірі маңызды

17:15, 12 мамыр 2022

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина Өскемен қаласына жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы бүкілхалықтық референдум барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, қаланың белсенді студенттерімен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР негізгі Заңына түзетулер енгізу үшін 5 маусымда арнайы бүкілхалықтық референдум өтетінін хабарлаған болатын. Осыған байланысты әр аймақта референдумды лайықты деңгейде өткізу үшін арнайы штаб құрылды. Оның құрамында білікті сарапшылар бар. Еліміздің әр азаматы жеке таңдау құқығына ие және олар өз пікірін, өз ойын ашық айта біліуі керек, -деген пікірде сенат депутаты. Оның сөзінше алда елімізді көптеген тың өзгерістер күтіп тұр. Ал саяси жүйенің жаңаша түрленуінде жастардың ықпалы зор болмақ.

Ата заңның үштен бір бөлігі өзгертілмек. Соның бірі- суперпрезиденттік басқару нысанын жою.Сондай-ақ конституциялық соттың құрылымы, Мәжіліс пен Сенатты қалыптастыру тәсілдері де өзгеріске ұшырап, оларға бірқатар түзетулер енгізіледі. Бұл - азаматтардың құқықтарын қорғауға және халықты қолдауға бағытталған шара. Ал құқықтану саласының профессоры Жанна Садықанова, қазіргі студенттер жан-жақты әрі сауатты болуы керек және біз сол бағытта барынша тиімді жұмыс істеп жатырмыз, -дейді.

Жалпыхалықтық референдум – бұл Конституциялық реформаның ел дамуына әсерінің жаңа кезеңі.

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...