ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ғаламторсыз күн қалай өтуде?

17:15, 11 қаңтар 2022

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты республика бойынша интернет уақытша өшірілді. Тек жекелеген аймақтарда жағдайдың тұрақталғанына байланысты белгілі уақыт кестесімен жұмыс істеп тұр. Ал осы ғаламторсыз күн кешу халыққа қалай әсер етуде? Қала тұрғындары бос уақыттарында немен айналысуда?

Көпшілігіміз күніміздің біраз бөлігін ғаламторды ақтарумен өткізетініміз жасырын емес. Заманауи ақпарат құралынсыз тіпті бір күнді елестету қиын. Кез келген жерден компьютер мен ұялы телефонға телмірген жасты да, жасамысты да көреміз. Алайда, елдегі ахуалға байланысты интернеттің бұғатталуы жағдайды күрт өзгертті. Адамдардың көп бос уақыты пайда болып, оны тиімді өткізуге мүмкіндік туды. Осыған орай қала тұрғындары ғаламторсыз қалай күн кешіп жатқандығы жайлы біліп қайтқан болатынбыз.

Сананы ғаламтор жайлаған заманда халық интернетсіз, әлеуметтік желілерсіз өмір сүруге болатынын түсінгендей. Әсіресе, адамдар отбасына көңіл бөлуге, өз-өзін дамытуға көбірек ынталы секілді. Сонымен қатар, бос уақытында кітап оқуға құмартып, кітапханаға баратын жандардың қатары көбейген. Облыстық кітапхана қызметкері Гүлбаршын Тілегенқызының айтуынша, ғаламтор өшкелі бері көпшіліктің кітап оқуға деген ынта-ықыласы артып, тұрғындар білім алуға құлшыныс танытуда.

Халық арасында ғаламтор жайлаған заманда теледидар көретін жандардың қатары сиреген деген пікір бар еді. Жаңсақ пікір. Керісінше, интернет өшірілген сәттен бастап, азаматтар елдегі соңғы жаңалықтарды көгілдір экран арқылы біле алып, хабардар болды. Республикалық, облыстық арналар хабар таратып, ел игілігі үшін  тоқтаусыз жұмыс істеп тұрды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеуінде ғаламторды өшіру мәжбүрлі шара екенін ескертті. Ереуілшілер бір-бірімен байланысқа шығып, өзара келіспеу үшін ойластырылған. Бұл өз кезегінде  елдегі жағдайдың тұрақталуына үлкен көмек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар