ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Етті мал шаруашылығын дамыту

13:32, 12 қазан 2021

Катонқарағай ауданында етті бағыттағы мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері мұнда 202 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінген. Мәселен, Солдатова ауылдық округіндегі қожалықтардың бірінде 116 бас «лимузин» деп аталатын сиырдың асыл тұқымы жайғастырылған. Биыл Катонқарағай ауданындағы Солдатово ауылына Германиядан 116 бас «лимузин» әкелінген. «Лимузин» деген темір тұлпар емес, ірі қараның етті тұқымы. Небәрі бір жылда жаңа туған бұзау 300-400 келіге дейін салмақ қоса алатын көрінеді. Шет елден әкелінген мал болғанына қарамастан, Шығысқа тез жерсінуі тиіс, - дейді жергілікті ағайын. Биыл қожалық өкілдері техникаларын да жаңартқан. Себебі, егістік алқабындағы жұмыстарды уақытында аяқтау үшін жылдам әрі үздіксіз қызмет ететін техника қажет. Қожалықтың иелігінде 4 мың гектардан астам жер бар. Оның 800 гектарына дәнді, 1500 гектарына майлы дақылдар егіледі. Биыл жауын-шашынның аз болғанына қарамастан алынатын өнім ойдағыдай болды, - дейді диқаншылар.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар