ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ескертуді елемеген

13:31, 24 қараша 2021

Облыста ауа райы тосын мінез танытуда. Бүгін өңірдің солтүстік бөлігінде бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтілуде. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындарды ұзақ мерзімді сапарларды кейінге қалдыруға шақырады.Ұлан ауданына қарасты Тройницкое ауылының екі ер азаматы боран соғып, қатты дауыл тұрғанына қарамастан шалғайдағы жайлауға атқа мініп бет алған. Ал, қайтар сәтте, жолдан адасып, өздігінен діттеген жерлеріне жете алмай қалған. Олар бірден 112 арнасына қоңырау шалған. Кейін ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оларға "Трэкол" техникасымен жетіп, жақын маңдағы ауылға дейін эвакуациялаған.Қазіргі таңда шопандардың жағдайы қалыпты.  Олар медициналық көмектен де бас тартқан.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар