ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУ

17:51, 17 ақпан 2021

Жауынгер. Жасақ. Қорғаныс. Бұл ұғымдар әскерилер үшін  күнделікті жұмыс барысының айнымас бөлшегі. Ел қорғаны болған азаматтар тұтқиылдан келген қауіпке қашан да дайын болуы тиіс. Осы мақсатта Өскемен гарнизонының Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27-943 әскери бөлімінде взводтардың атыс кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында оқу-жаттығуы өтті. Әскерилер мұндай тәжірибенің жауынгерлерге берері мол дейді. Тарс-тұрс атылған автоматтар дыбысы, нақ әрі нық берілген бұйрықтар Жаңа-Ахмер оқу-жаттығу полигонында естілді. Жоқ, бұл ұрыс емес, сарбаздардың шеберліктерін шыңдау. Бірақ, жағдай шынайы атыс-шабуылға барынша келістірілген. Жеке құрамға белгіленген шартты ауданнан бұйрық берілісімен жеті шақырымдық маршты жүріп өтіп, бақылау өткізу бекетінде қызметке кірісті. Арнайы бекетте бөлімше командирі тексерушімен бірге бекеттен өтетін көліктерді қарау кезінде, оң жақ қапталдан заңсыз қаруланған топ шабуылдап, оқ жаудыра бастайды. Взвод командирі мотоатқыштар бөлімшесіне шабуылға тойтарыс беруге беттеп, бірден атысқа кірісті. Осылайша, жасақтың ұрыс кезіндегі әрекеті, басқару машықтары тағы бір мәрте сыналды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТРАМВАЙДЫҢ ЖОЛ ЖҮРУ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
13:38, 3 наурыз 2021
ТРАМВАЙДЫҢ ЖОЛ ЖҮРУ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:36, 25 ақпан 2021
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...