ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Әскери-патриоттық әндер әуеледі

13:35, 11 мамыр 2022

Ұлан ауданының орталығында Отан қорғаушылар күні аталып өтті. Ауданнан шыққан ержүрек батыр, партизан, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов құрметіне «Ер Қасым» атты облыстық әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Облыстың аудан-қалаларынан келген кәсіби әншілер өнерлерін ортаға салып, өзара жарысқа түсті.

Әскери-патриоттық әндерді жиналған қауым ұйып тыңдады. Көрермендер бір сәт соғыс жылдарына сапар шегіп, бейбітшіліктің оңай жолмен келмегенін сезгендей болды.

Бұл байқау көптеген жас әншілерді халыққа танытып, үлкен өнер айдынына апаратын жол десе де болады. Бәсекелі додаға түскен қатысушылардың арасында екінші кезеңге өтіп, отандық композитордың туындысын орындап беруден  үміттілердің бірі  - семейлік «Элит» тобы.

Ауданда әйгілі батырдың құрметіне арналған әскери-патриоттық ән байқауы 2018 жылдан бері өтіп келеді. Биылғы жылы қатысуға 12 әнші өтінім берген. Орындаушылардың әнді нақышына келтіріп, әуелете айту шеберліктерін арнайы шақырылған өнер мен мәдениет саласының майталмандары бағалады. Сондай-ақ,  әділқазылар алқасының құрамында аудандағы әскерге шақыру комисииясының бастығы да болды.

Әділқазылар алқасының төрағасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалады. Ол жалпы, әскери-патриоттық сарындағы туындыларды орындау кез-келген әншіге оңайға түспейтінін атап өтті.

Жиналған қауым өткен күн елестеріне толы әскери-патриоттық әндерді ыстық ықыласпен қабылдап, әншілерге ерекше қошемет көрсетті. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...